АЙТБАЕВ Салихитдин Әбдісадықұлы

0
2450

АЙТБАЕВ Салихитдин Әбдісадықұлы – (15.2.1938, Қызылорда қаласы. – 29.9.1994, Алматы) – кескіндемеші, суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1988). 1961 ж. Алматы көркемсурет училищесін (М.Кенебаев класы бойынша) бітірген. 1969–71 жж. осы училищеде ұстаздық етті. «Шопандар демалысы» (1962), «Бақыт» (1966), «Жас қазақтар» (1968), «Қонақтар келді» (1969) картиналары қазақтың бейнелеу өнеріне соны сипат әкелді. Ол «Ә.Әлімжанов» (1970), «Ана» (1973), «Әке», «Шопан» (екеуі де 1974), «Абай» (1994), т.б. портреттерін салды. Айтбаевтың П.Пикассо мен А.Матисс туындыларының түпнұсқасымен танысуы, оның суретшілік шығармашылық жолына игі ықпал жасады. С.Айтпаев кітап безендіру ісіне де араласты. Көптеген еңбектері оқулықтарға, басқада кітаптарға енген. 1966 ж. «Менің Отаным» атты суреттер топтамасы үшін Қазақстан Комсомол сыйлығы берілді. Айтпаевтың кескіндемелік және графиктік туындылары Қазақстан Мемлекеті бейнелеу өнері мұражайында сақтаулы.

Пікір жазу

Please enter your comment!
Please enter your name here