АХТАНОВ Сағидолла Халекесұлы

0
1196

АХТАНОВ Сағидолла Халекесұлы – 1955 жылы Гурьев облысының (қазіргі Атырау) Забурино елді мекенінде туған. График, сәулетші.

1983 жылы Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын бітірген. 1989 жылдан СССР Дизайнерлер Одағының мүшесі. 1992 жылдан Қазақстан Республикасы Дизайнерлер Одағының мүшесі. Республикалық көркемсурет көрмелерінің қатынасушысы.

1983–1985 жылдары Ақтау қаласының бас суретшісі болып қызмет істейді.

1985 – 1991жылдары Қазақстан Суретшілер одағы көркем сурет қорының Гурьев облысындағы филиалының директоры болады.

1991–2000 жылдары «Маңғыстау Дизайн» қоғамының бас дизайнері әрі директоры болады.

Қазіргі кезде «Бала – Би» журналының бас суретшісі және Алматы қаласындағы Республикалық «Нақ–нақ» атты сатиралық журналдың көркемдеуші редакторы.

Пікір жазу

Please enter your comment!
Please enter your name here