Исаев Базарбай

0
1753

ИСАЕВ Базарбай – 1941 жылы 5 қазанда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы қазіргі Манап ауылында туған.

Қызылорда қаласындағы педагогикалық  институтын бітірген. Шиелі аудандық «Өскен өңір», Қызылорда облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы»), «Жас алаш», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінің редакцияларында істеген. 1977-1986 жылдары Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің аппаратында жауапты қызмет атқарды.

1986-1990 жылдары «Жалын» баспасында аға редактор, 1990-1995 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің «Сақшы» – «На страже» газетінде тілші, редактордың орынбасары, редактор, 1996 жылдан бастап шекара әскерлері Әскери институтының редакциялық-баспа бөлімі бастығының орынбасары, 1997 жылдан «Ұлан» – «Гвардия» газетінің бас редакторы болған. Қазіргі «Қазақстан сарбазы – Воин Казахстана» газеті жауапты редакторының орынбасары.

ҚР Қарулы Күштерінің запастағы полковнигі, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы.

 «Отызыншы көктем», «Ақ жауын «, «Ақ қайнар «,» Көктем шерткен күй», «Бақыт қүсы», «Қауышу мен қоштасу», «Сезім селі», «Мөлдір», «Арайна» атты жыр жинақтары жарық көрген.

Жазушының «Өң мен түс», «Алтынай, ақ көйлек», «Көрбала және тергеуші», «Жігіт пен жендет» атты прозалық шығармалары бар.

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1994).

Пікір жазу

Please enter your comment!
Please enter your name here