Исмаилов Рабик Хизимұлы

0
1576

ИСМАИЛОВ Рабик Хизимұлы – 1934 жылы 2 қыркүйекте Алматы облысының Шелек ауылында дүниеге келді.

Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің шығыстану факультетін бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында кіші ғылыми қызметкер болып орналасады және аспирантураға оқуға түседі. Үш жылдан соң, 1963 жылы аспирантураны бітіріп,»Мектеп» баспасына қызметке ауысып, корректорлықтан ұйғыр редакциясының бас редакторлығына дейін көтеріледі.

1966 жылы «Ұйғыр әдебиетін үйренудің кейбір мәселелері», 1976 «Ізденіс жолында», 1987 жылы «Заман және қаһарман» атты кітаптары, одан кейін «Ұйғыр драматургиясы Анарханнан …ға дейін» атты монографиялары шықты. Ұйғыр әдебиетінің өзекті мәселелері бойынша 200-ден астам мақалалары басылды.

9-11 сыныптар үшін «Ұйғыр әдебиеті» оқулығының авторы, тарих, география, педагогика, философия салаларында оқулықтарды ұйғыршаға аударған.

Жазушылар одағының мүшесі, «Илһам сыйлығының» лауреаты.

Пікір жазу

Please enter your comment!
Please enter your name here