Мәулен Әшімбаев: кітапханалар тек кітап оқитын орын болмауы тиіс

0
1247

Соңғы жылдары отандық кітапханалардың қызмет көрсету сапасы айтарлықтай ақсап, жаңаша екпінді қажет етіп тұрғаны жасырын емес. Осыны ескерген Нұр Отан партиясы еліміздегі кітапханалардың қымзетін жаңғыртуды қолға алды.

Аталған жоба қазірдің өзінде өз жемісін беріп, көптеген кітапханалар жаңаша қызмет көрсетуді бастап кетті. Солардың қатарында Шымкент қаласындағы «Отырар» әмбебап ғылыми кітапханасы да бар. Мұнда партияның бастамасымен ашылған коворкинг-орталық жаңа технологиямен, жылдамдығы жоғары интернетпен жабдықталған. Одан бөлек, орталықта конференц-зал қарастырылып, онда түрлі тақырыптарда семинарлар, дәрістер және тренингтер өткізуге жағдай жасалған. Сондай-ақ демалыс аймағы, кино залы, кофехана, кітап дүкені, ағылшын тілін үйрететін курс және еркін пікірталас аймағы бар. Осылайша дәстүрлі кітапханадан жаңа заман талаптарына сай білім орталығы ретінде қайта жаңғырған нысан жергілікті жастардың жиі бас қосатын жеріне айналып отыр.

Бүгін Шымкент қаласына арнайы сапармен келген Нұр Отан партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары аталған нысанға барып, атқарылған жұмыстармен танысты. Осындай коворкинг-орталықтар жастарға беріліп отырған үлкен мүмкіндік екенін айтқан Мәулен Әшімбаев оны жастар, соның ішінде Жас Отан жастар қанатының мүшелері тиімді пайдалануы керектігін тілге тиек етті.

– Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – халықтың білімге деген құштарлығын арттыру. Осыған орай Нұр Отан партиясы еліміздегі кітапханалардың қызметін жаңғыртып, оларды жаңа заманға сай коворкинг-орталық ретінде қайта құру жобасын қолға алды. Себебі, кітапханалар тек кітап оқитын орын емес, түрлі семинарлар, тренингтер, дәрістер өтетін, жастар жиі бас қосатын нағыз білім орталығы болуы тиіс. Сондықтан осындай орталықтарды мазмұнды, мәнді дүниелермен толтыруымыз керек. Жобаның негізгі мағынасы да осы, яғни дәстүрлі кітапханаларға жастарды тартып, олардың кітап оқуға, сапалы білім алуына жағдай жасау, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Нұр Отан партиясы цифрландыру ісіне үлес қосу, халықтың цифрлы сауаттылығын арттыру, жастардың сапалы білім алып, дені сау ұрпақ болып қалыптасуына жағдай жасау мақсатында бірқатар жобаларды жүзеге асыра бастағаны белгілі. Соған орай Мәулен Әшімбаев Шымкентке сапары барысында М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінде Нұр Отанның бастамасымен ашылған ІТ-орталыққа және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде жұмысын бастаған ІТ-сыныптарға барды. Сондай-ақ партия Төрағасының Бірінші орынбасары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Әйгерім» арнаулы коррекциялық балабақшасына барып, бұл сала үнемі партияның басты назарында екенін айтты.

Ақпарат “qamshy.kz” сайтынан алынды

Пікір жазу

Please enter your comment!
Please enter your name here