Әбдіраман Ермахан Шайхыұлы

0
268

        Әбдіраман Ермахан Шайхыұлы – 1966 жылы 29 қаңтарда Түркістан қаласында дүниеге келген. 1988-1993 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі. 41 жылдық еңбек өтілі бар Ермахан Шайхыұлы іс-тәжірибесін 1992 жылы «Қазақ университеті» (қазіргі «Санат») баспасында редактор боп бастаған. 1993 жылы «Түркісан» газетінің мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1994-1995 жж. Түркістан қалалық әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 1995-1996 жж. «Түркістан тынысы» телеарнасының алғашқы директоры, 1999-2006 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де журналистика факультетінің аға оқытушысы, 2000 жылы «Бикеш» газетінің бас редакторы, 2004-2018 жж. «Айқын» газенің тілшісі, меншікті тілшілер қосынының меңгерушісі, бас шолушы, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, шығарушы редактор, 2006 жылы «Дала мен қала» газеті бас редакторының орынбасары, 2006 жылы «50 де 50» газетінің бас редакторы, 2007-2009 жж. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында қайта ашылған «Қымызхана» әзіл-оспақ отауының сценаристі, 2014 жылы «Той-қазына» журналының  бас редакторы, «Санат», «Аннұр сапа», «Қазығұрт», «Аруна», «Алтай медия» баспаларынан  жарық  көрген  300-ге жуық кітаптың жауапты редакторы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ 2017-2020 жж. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы, 2019-2020 жж. «Аннұр сапа» баспасының директор – бас редакторы, 2019-2020 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де журналистика факультетінің аға оқытушысы қызметтерін атқарып келеді.

          «Ауыз тие отырыңыз», «Біртүрлі кітап», «Мынауың жынды екен», «Жатыпатар», «Шылдыр шүмек», «Аққудың сыңары», «Қазіргі қазақ сатирасы», «Ағынан жарылсақ…», «Әріп әлемі», «Сандалған сауал», «Қоңыр қажының күнделігі», «Атақты  айтқыштар» атты кітаптардың авторы.      Шығармалары 3 оқулыққа және бірнеше жинақтарға енгізілді.

          «Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл» атты той кітабы және Ыбырай  Алтынсариннің  2 томдық, Камал  Смайыловтың 3 томдық шығармалар жинағының құрастырушысы.

          Балғабек Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың екі мәрте, Садықбек Адамбеков атындағы, «Алтын қалам» сыйлықтарының лауреаты. Президент Алғыс хатының, «Бейбітшілік әлемі», «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығы», «Ел ардақтысы», «Қазақ журналистикасының қайраткері», «Қазақстан полициясына 25 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл», «Шона Смаханұлы», «Қадыр Мырзалиев», «Төлеген Айбергенов» атындағы және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдарының иегері.

          Қазақстанның құрметті профессоры. Қазақстан Жазушылар және Халықаралық Жазушылар одағының, сондай-ақ Журналистер одағының мүшесі.

Пікір жазу

Please enter your comment!
Please enter your name here