БАУЫРЖАН ҮСЕНОВКЕ АРНАЛҒАН ЖИНАҚ ШЫҚТЫ

0
330

         Жуырда Бауыржан Үсеновтің 60 жылдық мерейтойына орай ол туралы естеліктер мен арнау өлеңдерден тұратын «Жарқырап өткен жыр-ғұмыр» атты жинақ жарық көрді. Бұл алтынмен апталып, күміспен күптелген құнды кітап белгілі ақын һәм баспагер, Атымтай жомарт Темірғали Көпбаевтың демеушілігімен тасқа басылды. Кітапты құрастырған – жыл бойына естеліктерді жинап, әлеуметтік желіде насихаттап жүрген ақжүрек азамат – Шоқан Шөжеев. Жауапты редакторы – Ермахан Шайхыұлы.

          Бауыржан Үсенов – қазақ поэзиясының аспанында жарқырай көрінген жарық жұлдыздардың бірі. Жуалының белінен жыр әлемінің көгіне көтерілген жарқын талант иесі. Ол соңынан мәңгі өлмейтін мінсіз мұра қалдырды. Күрескер ақын өзінің қысқа ғұмырында өлеңге де, елге де адал болды.

          Нағыз өлең ақынды өлтірмейді. Ақын рухы туған халқымен бірге мәңгі жасай бермек.

          Бұл кітап – жасындай жарқырап өткен Бауыржан-ғұмырдың бүкпесіз баяны іспетті. Алпыс жасқа толуына орай замандастары, жары, достары жазған естеліктер мен арнаулар ақиық ақын өмірінің көпшілікке белгісіз тұстарын аша түседі.

          Осы кітаптың жарық көруіне ат салысқан барша авторлар мен азаматтарға Аллаһ Тағаланың нұры жаусын!

© Bitik-ақпарат

Пікір жазу

Please enter your comment!
Please enter your name here