«Тоғысқан тағдырлар» жинағы жарыққа шықты

0
535

        Күні кеше «Аннұр сапа» баспасынан алтынның сынығы Салтанат Айбергенованың «Тоғысқан тағдырлар» атты жинағы мемлекеттік тапсырыс бойынша жарық көрді. Сауатты да сапалы тасқа басылған кітаптың алғысөзін белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, профессор Бауыржан Жақып жазған. Таралымы – 3000 дана. Басылымды еліміздің аудандық, облыстық және республикалық кітапханаларынан алып оқуға болады.

       Бұл кітап – небәрі 30 жыл өмір сүріп, халқының жадынан мәңгі өшпейтін отты өлеңдер тудырып кеткен біртуар талант, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, ақын Төлеген Айбергеновтің өмірі туралы мемуарлық шығарма. Мұнда ақын Төлеген Айбергеновтің ата-тегі, тағдырлы ғұмырбаяны туралы тың деректер алға тартылады. Құндылығы сол – Төлеген ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттейтін жас ғалымдарға, ақын поэзиясына құштар жаңа буын, жас ұрпаққа айнымас бағдаршам екендігі. Сондай-ақ Төлеген ақынның туған-туыстары мен дос-жарандарының естеліктері де назардан тыс қалмады. Ақынның өз қолымен жазып қалдырған күнделіктері де мұқият қаралды. Әрбір өлеңінің қалай туғандығынан да тың деректер бар. Ақынның жүрекжарды жырларында Қазақ елінің мәңгілігін аңсаған жүректің лүпілі бар.

          Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

© Bitik-ақпарат

Пікір жазу

Please enter your comment!
Please enter your name here