«Алаш» баспасы

0
1329

«Алаш» баспасы 2002 жылдың тамыз айында бұрынғы «Медицина» баспасының негізінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) болып құрылған. Алғашқы директоры-белгілі полиграфист-инженер Нұрлан Жаппарұлы Түйебеков. Қазіргі директоры-жазушы Дидахмет Әшімханұлы.(2005 жылғы дерек бойынша)

Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің идеясымен құрылған бұл баспаның мақсаты-ұзақ жылдар бойы мұрағат қорлары мен кітапхана қоймаларында, сондай-ақ кейбір жеке адамдардың қолдарында сақталған арғы-бергі Алаш қайраткерлерінің асыл мұрасын жарыққа шығару еді. Баспа осы мақсатты жүзеге асыру жолында, 2002-2005 жылдар аралығында, мемлекеттік тапсырыс бойынша «Алаш мұрасы» атты арнайы сериямен ондаған автордың шығармаларын жарыққа шығарып үлгерді.  Олар: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының он томдық шығармалар жинағының төрт томы., Ахмет БАйтұрсынұлының үш томы (бес томдық), «Алаш қозғалысының» екі томы (төрт томдық құжаттар мен материалдар жинағы), Смағұл Сәдуақасов, Нәзір Төреқұлов, Қайым Мұхамедханов, Балмағанбет Балқыбайұлы т.б бір томдық шығармалар жинағы.

Алдағы жылдарда тағы да осындай елу автордың шығармалар жинағын басып шығаруды баспа өзінің мақсаты етіп отыр.

Пікір жазу

Please enter your comment!
Please enter your name here