Ғалиева Гүлсім Қинаятқызы

0
1053

Ғалиева Гүлсім Қинаятқызы —  (1948 ж.т.) баспагер, математик-редактор, 1969 ж. Қыздар педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген. 1969-72 жж. Павлодар облысындағы орта мектепте мұғалім болған. 1972-98 жж. “Мектеп” баспасында физика-математика редакциясының редакторы, жетекші редакторы, редакция меңгерушісі қызметін атқарған. Онда көптеген математика, физика, сызу, астрономия, информатика оқулықтары мен оқу құралдарын дайындап шығарған. Бірқатар математика, алгебра, геометрия оқулықтарын орыс тілінен қазақ тіліне аударуға қатысқан.

         1998 жылдан бастап “Атамұра” баспасында жетекші редактор. Физика, математика және басқа жаңа буын оқулықтары мен оқу құралдарын әзірлеп шығарады.

         Білім беру ісіндегі ерекше еңбегі үшін “Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі” белгісімен марапатталған.

Пікір жазу

Please enter your comment!
Please enter your name here