Есмағамбетов Ғани Бүркітұлы

0
1061

Есмағамбетов Ғани Бүркітұлы  — 1937 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданына қарасты Антоновка аталған қоныста дүниеге келген. 1972 жылы Алматы қаласындағы жоғары партия мектебін журналист мамандығы бойынша бітірген. “Ақтөбеқұрылыс” тресінде ағаш ұстасы, облыстық “Коммунизм жолы” газетінде аудармашы, одан кейінгі жылдары “Коммунизм таңы”, “Еңбек туы” газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, кітап дүкенінің директоры.

1972 жылдан бастап “Қайнар” баспасының “Ақ бидай” редакциясында аға редакторлық жұмысқа тұрып, Қазақстанның егін шаруашылығына арналған кітаптапды шығару ісіне белсене қатысқан

“Еңбектегі ерлігі үшін” мерекелік медалімен марапатталған

Пікір жазу

Please enter your comment!
Please enter your name here